Жаңалықтар
ШҚО-да жаңбыр жауып, күн күркірейді

Шығыс Қазақстан облысында алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
20-22 тамыз аралығында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. 21 тамызда ШҚО-ның шығыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы ыстық болады. Ал орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы +17…+30°C аралығында сақталады.
Тұрғындарға ауа райының өзгеруіне дайын болып, найзағай мен қатты жел кезінде сақтық шараларын сақтау ұсынылады.



