Жаңалықтар

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, өңірдің солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.

Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Өскеменде түннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сонымен қатар облыстың солтүстік-батысында, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал оңтүстік аудандарда өрт қаупі өте жоғары болады.

Тұрғындарға ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтап, қатты жел мен найзағай кезінде абай болу ескертіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button