Жаңалықтар

Өскеменде түнгі жүгіру жарысы өтті

Өскеменде Қала күніне орай «Oskemen Night Run 2026» түнгі жүгіру жарысы өтті.

Шара Сәтпаев даңғылы, 15б мекенжайындағы «A-Store» супермаркетінің маңында басталды. Жарыс алдында қатысушылар би билеп, сайысқа дайындалды.

Жүгіру жарысы кешкі сағат 20:30-да басталып, «MaxiMall» сауда-ойын-сауық орталығының маңында аяқталды.

Қатысушылар 2 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Жарысқа 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылар барлығы 300 адамға арналған старт орнын ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button