Жаңалықтар

ШҚО спортшылары Дүниежүзілік жарыста жеңімпаз атанды

31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Байрақты бәсекеге 60-тан астам елдің өкілдері қатысып жатыр.

Онда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары да бақ сынасуда. Олар спорттың төрт түрінен: арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, мас-рестлинг (таяқ тарту) және стронгмен сайыстарында бәсекеге түсуде.

Кеше облыс спортшылары өнер көрсететін арқан тартыстан ұлттық құрамамыз 8х8 дисциплинасы бойынша 1-орынды жеңіп алып, ел мерейін үстем етті!

​Бұл жеңіске жету үшін жігіттер алаңда бар күш-жігерін салды. Биылғы бәсекеде Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан, Пәкістан, Бразилия және Қазақстан сияқты мықты құрамалар бақ сынасты. Әр тартыс нағыз төзімділік пен темірдей тәртіпті талап етті.

​Тұғырдан көрінген үздік үштік:

​1 орын — Қазақстан

​2 орын — Қырғызстан

​3 орын — Пәкістан

Басқа жаңалықтар

Back to top button