Жаңалықтар
Глубокое ауданында 75 шақырым жол жөнделіп жатыр

Глубокое ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Биыл Бобровка ауылындағы 7 шақырым жолды реконструкциялау жалғасып жатыр. Қазіргі таңда оның 5 шақырымына асфальт төселді.
Сонымен қатар 9 елді мекендегі жолдарды ағымдағы жөндеуге 119,3 млн теңге бөлінді. Опытное поле, Перевальное және Прогресс ауылдарындағы 4 көпірді жөндеуге 86 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Ал Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы бағытындағы 75 шақырым жолды жөндеуге 3,7 млрд теңге бөлінді. Екі учаскедегі жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.



