Өскеменде Pet Dog Fest 2026 фестивалі өтеді

Өңірдің белсенді тұрғындары қоғамдық маңызы бар түрлі іс-шараларға өздері бастамашы болып, оларды ұйымдастыруға тұрақты түрде атсалысып келеді. Осындай шаралардың бірі ертең Өскемен қаласында өтеді.
5 қыркүйек күні сағат 11:00-де Комсомол аралындағы Этносаябақ аумағында иттер мен жануарларды жақсы көретіндерге арналған отбасылық Pet Dog Fest 2026 фестивалі өтеді.
Мұндай іс-шаралар уақытты қызықты өткізуге ғана мүмкіндік бермейді. Олар ересектер мен балалардың жануарларға деген жауапкершілік, қамқорлық және құрмет сезімін қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Фестивальге ит иелері үй жануарларымен бірге қатыса алады. Алайда өз үй жануарыңыз болмаса да, бұл шараға бармауға себеп емес. Қонақтарды түрлі қызықтар мен отбасылық демалыс күтеді.



