Жаңалықтар

Балаларға қауіпті 600-ден астам нысан анықталды

Облыста балалар үшін қауіпті 643 нысан анықталды. Бұл туралы «Қауіпті учаскелер картасы» жобасы аясында белгілі болды.

Жоба балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыс нысандарына балалардың кіруіне жол бермеу және жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылған.

Қазір анықталған 643 қауіпті нысанның 462-сі жойылды. Қалған нысандар бойынша да тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар қауіпті орындарды бақылауды жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button