Жаңалықтар
Риддерде дәрігер тапшылығы бар
Риддерде медицина саласында маман тапшылығы бар. Қазір қалаға 13 дәрігер қажет.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен кездесуде айтты.
Қалада жаңа көпбейінді аурухана кешені жұмыс істеп тұр. Құны 34,8 млрд теңге болатын медициналық кешен 200 төсекке арналған. Сондай-ақ ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана бар.
Аурухананың стационары ақпан айынан, ал емхана мамыр айынан бастап жұмыс істеп келеді.
Дәрігер тапшылығын азайту үшін резидентурада травматология-ортопедия, кардиология және педиатрия бағыттары бойынша мамандар даярланып жатыр.



