Жаңалықтар

Өскеменде қоқыс шығару қымбаттады

Өскеменде 1 қыркүйектен бастап қоқыс шығару тарифі өзгерді. Қызмет ақысы шамамен 76 пайызға өсті.

Көпқабатты үйлерде тұратындар енді қоқыс шығару үшін ай сайын бір адамға 757 теңгетөлейді. Бұған дейін тариф 431 теңге болған.

Ал жеке сектор тұрғындары үшін төлем 409 теңгеден 718 теңгеге көтерілді.

Яғни көпқабатты үй тұрғындары үшін төлем 326 теңгеге, ал жеке секторда тұратындар үшін 309 теңгеге артты.

Жаңа тарифтің енгізілуіне қоқыс шығаратын кәсіпорындардың шығындарының өсуі себеп болған. Соңғы жылдары жалақы, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер және арнайы техниканы жөндеу шығындары қымбаттаған.

Айта кетейік, Өскеменде бұрынғы тариф 2022 жылдан бері өзгермеген. Жаңа тарифті қалалық мәслихат 16 маусымда бекіткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button