Жаңалықтар

Тарбағатайда балық өңдейтін жаңа кәсіпорын салынады

Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында заманауи балық өңдеу кешені салынады.

Кәсіпорында балықты өсіру, өңдеу, сақтау және қаптау жұмыстары жүргізіледі. Дайын өнімді мемлекет нарығына және шетелге шығару жоспарланып отыр.

Жобаға 6 миллион еуроға дейін инвестиция тартылады. Кәсіпорын жылына 2 мың тоннаға дейін дайын өнім өндіре алады. Сонымен қатар мұнда кемінде 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Кәсіпорынның бірінші кезеңін 2027 жылдың тамыз айында бастау жоспарланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button