Жаңалықтар

Өскеменде жол қозғалысына шектеу енгізіледі

10 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін сағат 10:00-ден бастап жол өтпесінің аралық құрылымына монолитті жұмыстардың жүргізілуіне байланысты айналма қиылыстың бір бөлігі уақытша жабылады.

Айналма қиылыс арқылы өту тиісті жол белгілері мен қоршаулар орнатылған уақытша қозғалыс схемасы бойынша ұйымдастырылады.

Сондай-ақ Есенберлин көшесі айналма қиылыс бағытына қарай жабылады. Осы бағыттағы қозғалыс Сәтбаев даңғылы арқылы ұйымдастырылады.

Жүргізушілерден уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жоғары назар аударуды сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button