Жаңалықтар

Күршімде 31 шақырым жол жөнделіп жатыр

Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.

Күршім ауданының жол желісінің ұзындығы 433,3 шақырымды құрайды. Биыл ауданда 31 шақырым жол мен көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.

Күршім ауылында 115,2 шақырым су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша ірі жоба қолға алынған. Жұмыстың негізгі көлемі орындалды, жобада көзделген 115,2 шақырым желінің 74,9 шақырымы немесе 65%-ы төселді.

Күршім ауылын негізгі жылумен жабдықтауды «Күршім» кәсіпорны қазандықтары қамтамасыз етеді.

Жылумен жабдықтаудың жекелеген учаскелерінің тозуына байланысты олардың сенімділігін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп келеді. №5 қазандықты реконструкциялау, №3 қазандыққа және ұзындығы 0,8 шақырым жылу желілеріне жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, №6 қазандықты және жылу желілерін реконструкциялау жобаларын іске асыру басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button