Жаңалықтар

Әскери театр құрылды — ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық ұлан сарбаздарынан құралған тұңғыш әскери театр өз жұмысын бастады. Бүгін Өскеменде театрдың алғашқы қойылымы – «Ант» драмалық спектаклі көпшілікке жол тартты.


Әскери театр «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің өнерпаз жауынгерлері негізінде құрылған. Жобаның мақсаты – сарбаздардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, әскери борыштың маңызын өнер тілімен жеткізу және Ұлттық ұлан жауынгерлерінің шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармашылық топты қатардағы жауынгер Рамазан Өмірзақ басқарады. Ол YouTube платформасында танымал «Бажалар» және «Сәке» сериалдарына түскен, сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «кино және театр актері» мамандығын тәмамдаған.
Қойылымдағы басты рөлдердің бірін «Патруль» телехикаясының актері Білімжан Тұрсынов сомдайды. Ол әскерге дейін Семейдегі Абай атындағы музыкалық драма театрында қызмет еткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button