Жаңалықтар

Өскемен – Семей тасжолында 80-нен астам көлік тұрып қалды

Кеше ШҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны Өскемен – Семей автожолының 13-шақырымынан бастап Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін көліктерді сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырды.

-Қозғалыс барысында полиция қызметкерлері жылдамдық режимінің сақталуын қадағалап, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті және жол-көлік оқиғаларының алдын алды. Нәтижесінде 80-нен астам көліктің қозғалысы реттелді, — деп хабарлады ШҚО ПД.

Барлық жолаушылар аман-есен жетіп, әрі қарайғы бағыт бойынша қозғалысты жалғастыру үшін Абай облысының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button