Жаңалықтар

21+. Микрокредит беру талаптары өзгере ме?

Кейінгі жылдары елімізде кәмелет жасына толмағандар арасында микроқаржылық ұйымдардан несие рәсімдеу фактісі артқан. Мұндай мәліметті сенаттың жалпы отырысында депутат Дархан Қыдырәлі келтірді.

— Онлайн және офлайн форматта берілетін микрокредиттердің 18 жастан бастап, ешқандай қосымша тексерусіз және несие тарихына қарамастан рәсімделуін тоқтату қажет. Несие берудің ең төменгі жасын 21-ге дейін көтеру және жастардың табысын, шығынын, қаржылық мінез-құлқын жан-жақты тексеру шарт, — дейді депутат.

Деректерді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығармайды. Мемлекеттік кредиттік бюросының 2025 жылғыдың желтоқсанындағы дерегі бойынша, елде 18-21 жас аралығындағы 136 239 адам микроқаржы ұйымдарына берешек. Олардың 13,7%, яғни 18 638 адамның қарызы 90 күннен астам уақыттан бері төленбей жатыр.

— Агенттік тұтыну несиесін беруді шектеуді және халықтың шамадан тыс кредит алуына жол бермеуді қарастырып жатыр.

Нақтыласақ, 2024 жылдың маусымынан бері арнайы заң қабылданды. 90 күн берешегі бар жеке тұлғаларға микроқаржылық ұйымдардың несие беруіне және одан кейінгі сыйақыға тыйым салынды, — дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Абылқасымова.

Айтуынша, жеке тұлғаның биометриялық сәйкестендірусіз микрокредит берілмейді.

2025 жылғы тамызда қаулыға енгізілген өзгеріске сәйкес мына жағдайларда несие берілмейді:
• қарыз алушының банкте 30 күннен асқан қарызы болса,
• микрокредит ұйымдарында 1 күн берешегі болса,
• соңғы үш жылда кешірілген қарызы болса
• 12 айда тиімсіз қайта құрылымдау жасалса
• кепілсіз микрокредит мерзімі 5 жылдан асса

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кепілсіз тұтынушылық кредитіңің өсу қарқыны 24,3%-дан 13,2%-ға дейін төмендеген. Сонымен қатар 20 жасқа толмағандардың табысы тек екі дерекке қарап анықталады.

Егер ол жұмыс істесе, жұмыс орнынан алынған табысы туралы анықтамаға, оқитын болса, стипендиясының мөлшеріне сүйенеді. Ал қарыз жүктемесі артық болып кетпеуі үшін ресми расталған табысына ғана жүгінеді – қолма-қол бейресми немесе дәлелсіз кірістер есепке кірмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button