Жаңалықтар
Алдағы апта қарлы болады — ШҚО

Алдағы аптада облыста қар жауып, ауа райы тұрақсыз болады. «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, кей жерлерде боран соғып, мұз қатуы мүмкін.
Аптаның басында ауа райы қатты өзгермейді. Күндіз температура -1…-3 градус, түнде -5…-9 градус шамасында болады. Аптаның ортасында қар жауады. Апта соңында түнгі уақытта ауа температурасы күрт төмендейді.
Өскеменде аптаның басында күн ашық. 3–5 желтоқсанда қалада қарлы боран болуы мүмкін.



