Шемонаихада жаңа демалыс базасы салынып жатыр

Туризм халықты нәтижелі және табысты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі драйверлерінің бірі болып қала береді. Шемонаиха ауданында бүгінде туристер үшін 22 орын жұмыс істейді. Алайда, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша келушілер саны 16% — ға төмендеген. Бұл туралы ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
Ауданның туристік әлеуетін арттыру мақсатында және инфрақұрылымды жақсарту үшін 2025 жылы жалпы құны 68 млн теңге болатын төрт жаңа жоба іске асырылып жатыр. Олардың ішінде:
• Волчанка ауылдық округіндегі «Раздолье» демалыс базасын кеңейту — 17 млн теңге;
• Шемонаиха қаласында 20 орындық қонақ үй кешені ретінде ғимаратты қайта жаңарту — 35 млн теңге;
• Волчанка ауылдық округінің Березовка ауылында жаңа демалыс базасын салу-8 млн теңге;
• «Марина жартасы» маңында ұлттық ат туризмін дамыту, киіз үй (қымызхана)- 8 млн теңге.



