Жаңалықтар
Өскеменде Ертіс көпіріндегі шұңқырлар жөнделді

Түнде Ертіс көпірінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Көпірдегі барлық терең шұңқырлар толық жөнделіп, жолдың жабындысы қалпына келтірілді. Сонымен қатар көпірдің екі жағында да шағын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қала әкімдігінің айтуынша, биыл мамыр айында бұл көпірде толық жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.



