Жаңалықтар

Риддерде электронды билеттендіру жүйесі енгізіледі

Риддер қаласында электронды билеттендіру жақын арада іске қосылады. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі электронды билет осы аптаның соңына дейін автобустарда жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.

Біз Семей қаласынан «Smart City» компаниясымен электрондық билеттендіруді енгізу туралы шартқа қол қойдық. Ертеңнен бастап енгізуді бастаймыз, автобустарда валидаторлар орнатылуда. Карталар бойынша жол жүру құны бірдей болады-130 теңге. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылатын болады, – деді коммуналдық бөлім басшысы Рауан Құрметұлы.

Алдын ала ақпарат бойынша, жол жүру карталарын «ТК Kazavtoline» ЖШС базасында Гоголь көшесі, 2/3 (ПАТП) мекенжайы бойынша сатып алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button