Жаңалықтар

Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді

Осы апта «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Алтай ауданының мәдени күндері өтеді.

11-13 желтоқсан аралығында қала тұрғындары мен қонақтары Алтай ауданы өнерпаздарының концертін тамашалап, өзге де мәдени шаралардың куәсі бола алады.

11 желтоқсан

10:00-де Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен кездеседі.

11:00-де «Maxi Mall» сауда орталығында (Сәтпаев даңғылы, 51) Жастар ресурстық орталығы Абайдың 180 жылдығына арналған «Ұлы Абайдың қара сөздері» викторинасын өткізеді.

11:30-да Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерімен кездеседі.

15:00-де Серебрянск қаласындағы музыка мектебінің мұғалімдері халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттерімен кездеседі.

17:00-де Б. Александров атындағы Спорт сарайында (Абай даңғылы, 2) шайбалы хоккейден облыстық турнир басталады.

12 желтоқсан

14:00-де «Maxi Mall» сауда орталығында «Зыряночка» би ансамблінің қатысуымен «Халықтар достығы» флешмобы ұйымдастырылады.

17:00-де облыстық филармонияда (Протозанов көшесі, 43) «Абай әлемі» көрмесі өтеді.

18:00-де облыстық филармонияда гала-концерт басталады.

13 желтоқсан

8:00-де «Алтай» көтерме-тарту орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Алтай ауданы өнім өндірушілері мен шаруа қожалықтарының әртүрлі өнімдері қолжетімді бағада ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button