Жаңалықтар

ШҚО-да үш ауыл таратылды

Шығыс Қазақстан облысында халық саны аз тағы үш ауылды тарату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті отырыснда белгілі болды.

Атап айтқанда, мәртебесінен айырылған елді мекендердің бірі — Карагужиха ауылы. Глубокое ауданының Малоубинка ауылдық округіне қарасты ауылда қазір 50-ге жуық адам тұрады.

Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарайтын Шұбарағаш ауылы да бұл тізімде бар. Бір кездері марал өсіріп, тіршілігі қайнап жатқан мекенде қазір мүлгіген тыныштық. Тұрғындары үдере көшкен Шұбарағаш енді Жамбыл ауылының құрамына енеді.

Үшінші ауыл – Құндызды. Бұл елді мекен Үлкен Нарын аудынының Ново-Хайрузовка ауылдық округіне қарайды. Облыстық мәслихат шешімімен ол енді Ново-Хайрузовка ауылына қосылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button