ШҚО-да жарты келі есірткі сақтаған курьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері интернет-дүкен арқылы есірткі тасымалдаған Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ұсталған курьерден 495,32 грамм психотроптық зат тәркіленді.
Полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасы жедел іс-шара барысында тыйым салынған интернет-дүкеннің «курьер» ретінде әрекет еткен азаматын ұстады.
Күдіктінің жалдамалы пәтерінде санкцияланған тінту кезінде бес полимерлі пакетке салынған ақ түсті ұнтақ және екі пакеттегі өсімдік тектес зат табылды.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың мессенджер арқылы есірткі таратушы ретінде жұмыс істегені, сондай-ақ белгісіз куратормен байланысып тапсырмалар алып отырғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.



