Жаңалықтар

Өскеменде жаңа қоғамдық көлік пайда болуы мүмкін

Шаһарда жыл соңына дейін 12 электробус сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың сессиясында айтылды.

-Электробустарды іске қосамыз, сонымен қатар қатар тестілеу жүргіземіз. Ең бастысы — олардың қыс мезгілінде қалай жұмыс істейтінін бақылау. Зарядтау бекеттерін соңғы аялдамаларға орнатып, жүйенің қалай жұмыс істейтінін көреміз. Электробус соңғы аялдамаға келіп, кестені бұзбай, сол жерде қуатталып тұрады, — деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын Өскеменде электробус сынақ режимінде пайдаланылған болатын. Атап айтқанда, 2018 жылы №44 бағытта электробус қозғалысқа шыққан. Алайда тәжірибе сәтсіз аяқталған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button