Басты жаңалықЖаңалықтар

«Заря» базары жаңартылды — Өскемен

Базарды жаңартуға 130 миллион теңге жұмсалды.
ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдиннің айтуынша, жоба аясында нарық аумағында жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайтын стационарлық ғимарат салынған. Қазіргі таңда барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан коммуналдық желілерге қосылған.
Жаңа жабық павильон ресми түрде пайдалануға берілді. Бұған дейін базар маңындағы уақытша киосктерде сауда жасап келген кәсіпкерлер енді осы заманауи ғимаратқа көшірілді. Саудагерлердің айтуынша, ескі ларьктер электр желісінен ажыратылған.
Айта кетейік, Өскемен қаласында орналасқан «Заря» және «Заречный» атты екі базар ҚР Сауда және интеграция министрлігі тарапынан мемлекеттік қолдауға ие болған. Бұл бастама сауда инфрақұрылымын жаңғыртып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Заря» базары қаланың КШТ шағынауданында орналасқан. Жаңартылған нысан тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіз, ыңғайлы әрі заманауи сауда алаңына айналып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button