Жаңалықтар
Өскеменде 9 адамды үсік шалды

Өскеменде қатты аяз салдарынан 9 адамды үсік шалды. Олар травматология пункті мен облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа медициналық көмекке жүгінген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың көбінің қол-саусақтары мен аяқтары үсіген. 15–20 қаңтар аралығында 5 адам травматология пунктіне, ал 4 адам облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді.
—Бірнеше науқас ауруханаға жатқызылды. Ал жеңіл үсік шалған бір адамға амбулаториялық ем тағайындалды,-делінген денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.
Айта кетейік, үсік шалғандар арасында баспанасыз адамдар тіркелмеген.



