Жаңалықтар

ШҚО-да педагогтердің жеке деректері тарап кеткен

Ұлан ауданында мектептер мен балабақшалардың 611 қызметкерінің жеке деректері ашық қолжетімділікке шығып кеткен.

Аудан прокуратурасының мәліметінше, білім беру ұйымдары міндетті медициналық тексеруге қатысты мемлекеттік сатып алу құжаттарын жариялау кезінде қызметкерлердің толық тізімін қоса жүктеген. Соның салдарынан олардың аты-жөні, ЖСН-і, қызметі, тұрғылықты мекенжайы және телефон нөмірі көпшілікке қолжетімді болып қалған.

Прокуратураның араласуынан кейін заңбұзушылық толық жойылып,барлық қызметкердің жеке мәліметтері интернеттен өшірілді. Сондай-ақ кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button