Ақсу ауылында Құрылтайдың маңызы талқыланды

Ақсу ауылында тұрғындармен «Құрылтай – мақсаттары, міндеттері және қоғам үшін маңызы» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Құрылтайдың негізгі мақсаттары мен міндеттері, оның қоғамдағы рөлі және еліміздің қоғамдық-саяси дамуына қосатын үлесі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, алдағы сайлау науқанының маңыздылығы, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы мен сайлау процесіне қатысуының мәні жан-жақты талқыланды.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Еркін пікір алмасу тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылауға және маңызды қоғамдық бастамалар жөнінде жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер халықпен тиімді байланыс орнатуға, қоғамдық сананы нығайтуға және елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамалардың мәнін кеңінен түсіндіруге ықпал етеді.
Бірлік пен жауапкершілік – ел дамуының берік негізі.



