Басты жаңалықЖаңалықтар
Мұнай бағасы 100 доллардан асты

Бүгін Азия нарығында мұнай бағасы күрт қымбаттады. Таңғы сағат 09:00-де мұнайдың бір баррелі 116 доллардан асты.
Бағаның өсуіне Таяу Шығыстағы қақтығыс әсер етіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, егер қақтығыс ұзаққа созылса, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы тоқтауы мүмкін деген қауіп бар. Бұл бұғаз арқылы әлемдегі мұнай экспортының шамамен 25 пайызы өтеді.
Ал Астана уақытымен сағат 10:00 шамасында мұнай бағасы сәл төмендеп, 106 доллардың айналасында тұрақтады.
Айта кетейік, өткен аптада мұнай бағасы 90 доллардан жоғары деңгейде жабылған. Ал одан бір апта бұрын, Иранға шабуыл жасалғанға дейін, баға шамамен 73 доллар болған.



