Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде киноға билет қанша тұрады?

Ел қалаларындағы кино билеттерінің орташа бағасы белгілі болды. Ең жоғары баға Өскемен қаласында тіркелген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Өскеменде бір кино билеті орта есеппен 3261 теңге тұрады. Бұл – қалалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Екінші орында Атырау қаласы тұр. Мұнда кино билеті орта есеппен 2884 теңге болса, Алматыда 2868 теңгеге жеткен.

Ал кино билеті ең арзан қалалардың бірі – Семей. Мұнда билеттің орташа бағасы 1678 теңге. Таразда бұл көрсеткіш 1876 теңге, ал Петропавлда 1887 теңге болған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button