ЖаңалықтарМәдениет
«Заманback 2» фильмі барлық кинотеатрларда

Қазақстандық «Заманback 2» комедиялық драмасы 22 қазанда көрерменге жол тартты. Фильм қазір кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.
Фильмнің басты кейіпкері Азат күтпеген жерден 1992 жылға тап болады. Сол жерде ол өзінің жас әкесімен кездеседі. Осы оқиғалардан кейін Азат отбасының, махаббат пен достықтың қадірін түсіне бастайды.
Режиссері — Дархан Саркенов. Басты рөлдерді Рамазан Амантай, Бақытгүл Серікбаева және Жасұлан Айтен сомдады.
Кинокартинаның ұзақтығы — 90 минут. Фильм өткенге саяхат арқылы отбасы құндылықтарын көрсетеді.



