ЖаңалықтарҚылмыс
Әуежайда шылым шеккендер жауапқа тартылды

Өскемен әуежайында темекі шегу және қоқыс тастау ережесін бұзған адамдар анықталды.
Полиция департаментінің мәліметінше, әуежай маңында екі ер адам темекі тұқылын жерге тастаған. Осындай жағдай Ә. Қашаубаев көшесінде де тіркелген.
Сонымен қатар әуежайдың B терминалында бір әйелдің темекі шегуге тыйым салынған жерде электронды темекі пайдаланғаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша полиция әкімшілік хаттамалар толтырды.



