Жаңалықтар
Аялдамада ер адам кенеттен қайтыс болды-Өскемен

Өскеменде қоғамдық көлік аялдамасында ер адам аяқ астынан көз жұмды.
Оқиға Шәкәрім даңғылында күндіз сағат 15:00 шамасында болған. Мәліметке сәйкес, 1970 жылы туған азамат жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Жағдай туралы хабар “102” арнасына жедел жәрдем қызметкері арқылы түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, тексеру жұмыстарын бастады.
Қазір мамандар оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.



