Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде жылу қашан өшіріледі?

Өскеменде жылыту маусымы аяқталады. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, «Шығыс жылу» ауа температурасының тұрақтануына байланысты 22 сәуірден бастап жылуды өшіру туралы шешім қабылдаған.
Дегенмен, балабақшалар, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандарда жылу толық тоқтатылмайды. Оларға жылуды төмендетілген режимде пайдалануға рұқсат беріледі.



