Жаңалықтар

80 қорап «Merci» тонаған ер адам ұсталды

Өскеменнің 33 жастағы тұрғыны он күн бойы дүкеннен шоколад тонап келген.

Дүкен әкімшісі бастапқыда тауарлардың жоғалғанын байқамаған. Тек бейнебақылау жазбаларын тексергеннен кейін ғана ұрлық фактісі анықталып, полицияға жүгінген.

Тексеру барысында күдіктінің шамамен бір жарым апта бойы дүкенге келіп, сөредегі өнімдерді білдіртпей алып шыққаны белгілі болды. Оның “таңдауы” да ерекше:
— 80 қорап «Merci» кәмпиті
— 25 дана «Қазақстан» шоколады
— бірнеше банка кофе мен сусабындар

Келтірілген жалпы шығын шамамен 300 мың теңге.

Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтады. Ол – тұрақты мекенжайы жоқ 33 жастағы ер адам.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button