Жаңалықтар

Өскемендіктер мамыр мерекелерін қалай тойлайды?

Облыс орталығындағы мамыр мерекелері тек концерттермен шектелмейді — қала тұрғындарын әр күнге жоспарланған түрлі шаралар күтуде.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні
Бұл күні қаладағы фонтандар мен саябақтар ресми түрде ашылады. Сонымен қатар, көптен күткен өзен трамвайы іске қосылады. Мерекелік концерттерден бөлек, «Oskemen AIBYN 2026» әскери-спорттық ойыны мен этноквиздер ұйымдастырылады.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
Бұл күні мерекелік бағдарламалармен қатар, жеңіл атлетика және грек-рим күресінен қалалық турнирлер өтеді.

9 мамыр — Жеңіс күні
Соғыс ардагерлерін үйлеріне барып құттықтау, гүл шоқтарын қою рәсімі және дәстүрлі “Зажги свечу” акциясы жоспарланған. Сонымен қатар, осы күні “Жайдарман” ашық лигасының жаңа маусымы басталады.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріге ерекше көңіл бөлініп, әрқайсысына жеке қолдау көрсетіледі.

Жалпы, мамыр айындағы шаралардың басты ерекшелігі — тек ойын-сауық емес, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету. Қалада әлеуметтік акциялар өтіп, жеке кездесулер ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button