Жаңалықтар
32 млрд қарыз: 95 кәсіпорын банкротқа кетіп барады

Облыста 95 кәсіпорын банкроттық рәсімінде тұр.
Қазіргі таңда бұл кәсіпорындардың жалпы қарызы 32 млрд 477 млн теңгеге жеткен. Олар өз міндеттемелерін толық өтей алмай отыр.
Банкроттық дегеніміз – сот шешімімен компанияның төлемге қабілетсіз деп танылуы. Осыдан кейін кәсіпорынның мүлкі сатылып, түскен қаржы кредиторларға бөлінеді.
Айта кетейік, банкроттық екі жолмен жүреді:
– кәсіпорын өзі өтініш береді
– кредиторлар сотқа шағымданады.



