Жаңалықтар

Жарылыс Олжас Бектеновтың бақылауына алынды

«Казцинк» зауытында болған жарылысқа байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды.

Үкімет отырысында Премьер-министр жауапты министрліктер мен жергілікті әкімдікке шұғыл тапсырма берді:

“Төтенше жағдайлар, Экология министрлігі және облыс әкімдігі барлық шараларды қабылдап, маған тұрақты түрде баяндасын. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады,” — деді ол.

Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың нақты себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button