Жаңалықтар

+1 эко-саябақ — ШҚО

Бүгін Шешек асуында жаңа эко-саябақтың ашылу рәсімі өтті. Басты ерекшелігі — саябақ облыс картасының пішінінде жасалған.

Салтанатты рәсімге облыс және қала әкімі қатысып, жаңа демалыс орнының өңір экологиясы мен туризмін дамытудағы маңызын атап өтті.

— Бүгін 1000-нан аса көшет отырғызылды, болашақта 6000-ға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Эко-саябаққа қала мен аудан өкілдері келіп көшеттерін отырғызып өңірдің дамуына үлес қоса алады, — дейді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Жаңа эко-саябақ енді тек демалыс орны емес, аймақтың бірлігін көрсететін ерекше орынға айналмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button