Ауылға дәрігер де, кеңес те келді: ШҚО-да «AMANAT Керуені» басталды

Шығыс Қазақстан облысында AMANAT Әйелдер қанатының бастамасымен «AMANAT Керуені» әлеуметтік акциясы іске қосылды. Жобаның алғашқы шарасы Самар ауданында өтті.
Акцияның мақсаты – ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік мүмкіндіктері туралы кеңес беру.
Іс-шараға Өскемендегі онколог, гинеколог, уролог және УЗИ мамандары қатысып, тұрғындарды тегін тексеруден өткізді. Сонымен қатар, «Astana Vision» клиникасының дәрігерлері көз тексеріп, қажетті кеңестер ұсынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл халқына медициналық, құқықтық және әлеуметтік көмекті қолжетімді ету – басты міндет. Сондай-ақ мектеп түлектеріне мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беріліп, тұрғындарға мемлекеттік қолдау мен гранттар жайлы ақпарат түсіндірілді.
Жоба мамыр-шілде айлары аралығында облыстың барлық аудандарында жалғасады.



