Жаңалықтар
Мамырда қар:ауа райы күрт бұзылады

«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, ертең түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.
Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Сонымен қатар облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде батыс және солтүстік-батыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Солтүстік пен шығыс аудандарда түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.



