Жаңалықтар

Ең үздік IT жоба: 11 жастағы оқушы жеңімпаз

Өскеменде «NEW GENERATION» облыстық IT фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ педагогтер қатысты.

Шараның басты мақсаты — дарынды жастарды қолдау, олардың цифрлық технологиялар саласындағы білімін дамыту және IT бағытындағы шығармашылық белсенділігін арттыру.

Фестиваль аясында қатысушылар +10 және +14 жас санаттары бойынша бөлек сайысқа түсті. Олар ақпараттық технологиялар, робототехника және инновациялық жобалар бағытында өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.

Сонымен қатар, «Үздік ұстаз» номинациясының иелері де марапатталды.

Ал ең үздік IT жобасын ұсынып, фестиваль жеңімпазы атанған — облыстық мамандандырылған IT мектебінің 11 жастағы оқушысы Егор Буньков.

— Менің жобам ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Шынымды айтсам, жобам жеңіске жетеді деп мүлдем ойлаған жоқпын. Мен өте қуаныштымын, — деді ол.

Барлық санат жеңімпаздары құттықтау грамоталарымен марапатталып, ноутбук, планшет, құлаққап секілді бағалы сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button