Жаңалықтар
«Алтай» командасы жартылай финалда!

«Алтай» футбол клубы Қазақстан Кубогының ширек финалында жанкүйерлерді қуантты. Өскемендік команда сырт алаңда «Ақтөбемен» кездесіп, тартысты матчта 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Ойын соңына дейін шиеленісті өткен кездесуде «Алтай» мінез көрсетіп, Қазақстан Кубогының жартылай финалына жолдама алды.



