Жаңалықтар

Мектептегі буллинг:Тарбағатайда оқушыға күш көрсеткен

Өңірдегі мектептердің бірінде кәмелетке толмаған бала қатарластары тарапынан зорлық-зомбылық көрген. Бұл туралы ақпарат «URPAQ» чат-ботына анонимді түрде жолданған.

Оқиғадан кейін прокуратура мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жанжалдың алдын алған. Қазіргі уақытта жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Оқиғаға қатысқан оқушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың ата-аналарымен профилактикалық әрі психологиялық жұмыстар жүргізілген.

Айта кетейік, облыстық прокуратура іске қосқан «URPAQ» жобасы арқылы балалар мен ата-аналар буллинг, зорлық-зомбылық және қауіпсіздікке қатысты мәселелер туралы анонимді түрде хабарлай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button