Жаңалықтар

Өскеменде жазғы демалыс: қауіпсіз шомылуға арналған 3 орын

Өскемен әкімдігі жаз мезгілінде тұрғындар шомылатын ресми жағажайлардың тізімін жариялады. Биыл қалада суға түсуге арналған үш орын жұмыс істейді.

Олар:

Сол жағалау кешенінің жағажайы;
«Самал» саябағы аумағындағы жағажай;
Кенсіз материалдар комбинаты маңындағы жағажай(Котлован);

Әкімдік мәліметінше, жыл басынан бері Өскемендегі су айдындарында екі адам суға батып кеткен. Қайғылы жағдайлардың басты себептері — тыйым салынған жерлерде шомылу және қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button