Жаңалықтар

Өскеменде тағы бір көше жөнделді

Калинин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Биыл тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер ескеріліп, көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Жаңа асфальт төселіп, жолдың сапасы жақсартылды.

Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, мұндай жұмыстар тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетіп, қала инфрақұрылымын дамытуға үлкен үлес қосады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button