Жаңалықтар
Мектепте өрт шықты–Өскемен

Әміре Қашаубаев көшесіндегі мектептің қабылдау бөлмесінде өрт шықты. Оқиға кезінде бөлмедегі жиһаздар жанып кеткен.
Өрт сөндірушілер тез жетіп, жалынды шамамен 20 шаршы метр аумақта толық сөндірді.
Мұғалімдер мен оқушылар дер кезінде ғимараттан өз бетімен шығып үлгерген.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің нақты себебі анықталып жатыр.



