Жаңалықтар
ШҚО-да биыл неше жағажай жұмыс істейді?

Облыста жазғы шомылу маусымына дайындық жүріп жатыр. Биыл өңір бойынша демалушыларға арналған 23 арнайы жағажай жұмыс істейді.
Олардың ішінде:
Өскеменде – 3
Ұлан ауданында – 8
Самар ауданында – 2
Риддер, Алтай, Үлкен Нарын, Күршім, Зайсан, Марқакөл, Тарбағатай, Глубокое және Шемонаиха аудандарында – 1 орыннан бар.
Қазір құтқарушылар мен арнайы комиссиялар жағажайлардың қауіпсіздігін тексеріп жатыр. Су түбін сүңгуірлер қарап, демалыс орындарының талапқа сай екенін анықтап жатыр.



