Жаңалықтар
Студенттер аллеясы пайда болады—Өскемен

Өскеменде жаңа қоғамдық орындарды жаңарту жұмыстары басталды. Соның бірі — Д.Серікбаев атындағы жоғары оқу орнының қарсы бетінде бой көтеретін студенттер аллеясы.
Жоба аясында демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер жолы, көгалдандыру, жарықтандыру мен заманауи шағын сәулеттік нысандар орнатылады.
Сонымен қатар «Валентина» сауда үйінің маңы да жаңарып жатыр. Аумақта серуендеуге арналған орындар, көпірлер мен демалыс аймақтары пайда болады.
Қала әкімінің айтуынша, барлық жұмыстардың сапасы мен мерзімі бақылауда болады.



