Жаңалықтар
Енді коммуналдық шығынды онлайн бақылауға болады

Қазақстанда «Smart Turmys» жаңа цифрлық жүйесі енгізіліп жатыр. Оның көмегімен тұрғындар су, жарық, жылу, газ және қоқыс қызметтеріне кеткен шығынды онлайн қадағалай алады.
Жүйе eGov платформасымен байланыстырылған. Алдағы екі жылда коммуналдық есептегіш құралдарын жаппай орнату жоспарланып отыр.
Жаңа платформа коммуналдық қызметті ашық көрсетіп, төлемдерді бақылауды жеңілдетеді.



