Жаңалықтар

Интернет-дүкен арқылы есірткі таратқандар ұсталды

Облыста интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан екі адам ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, күдіктілер – 34 жастағы әйел мен 22 жастағы ер адам.

Тексеру барысында олардың көлігінен бір келіге жуық есірткі, соның ішінде «α-PVP» мен мефедрон табылған. Сондай-ақ есірткіні өлшеп, қаптауға арналған құралдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button